"ЭКСПО-2017" кезінде «Қазақстанда жасалған» павильонын ашу ұсынылды

Фотография - "ЭКСПО-2017" кезінде «Қазақстанда жасалған» павильонын ашу ұсынылды

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған жобаның жетекшісі Римма Тәжібаева мәлім етті

1992 0

2017 жылы елордада өтетін халықаралық көрме кезінде ЭКСПО-қалашықта отандық тауарларға негізделген "Қазақстанда жасалған" павильоны ашылмақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған жобаның жетекшісі Римма Тәжібаева мәлім етті.

"Астана ЭКСПО-2017" компаниясы "Халық маркасы" жеңімпаздары үздік бренд екенін ескере отырып, оларды міндетті түрде назарға алады деген ойдамыз. Біз оларға "Қазақстанда жасалған" атты павильонды ашуды ұсындық. Қазіргі кезде осы мәселе талқылануда. Егер де ЭКСПО-2017 кезінде осындай павильон ашылып жатса, менің ойымша, оны көруге баратын халықтың саны көп болады", - деді ол.

Атап айтқанда, биылдың басында Мемлекет басшысының бастамасымен еліміз бойынша «Қазақстанда жасалған» акциясы бастау алды. Акцияны қолдау мақсатында мамырдан бастап қазан айына дейін азық-түлік өндірушілер арасында «Халық маркасы» байқауы өтті. Жеңімпаздарды анықтау үшін тұтынушылар halykmarkasy.kz сайтына кіріп, өзінің сүйікті өніміне дауыс берді. Онлайн түрде дауыс беру қыркүйектен  қазанға дейін жалғасқан болатын. Жеңімпаздарды 1 000 000 астам тұтынушылар сүйікті өніміне дауыс беру арқылы анықтады.

Жобаның мақсаты - отандық тауар өндірушілердің тауар маркаларының танымалдылығын арттыру, нақты тауарларға баға беру арқылы жалпы тауар маркаларының қаншалықты сұранысқа ие екенін анықтау.

Әрбір аталым бойынша марапаттау шарасы Миландағы "ЭКСПО-2015" көрмесінде Қазақстанның павильонында 21 қазанда Бүкіләлемдік азық-түлік күні аясында өтті.

Белгілі болғандай, байқауға 70-тен астам отандық өндіруші, 100-ден астам марка байқауға қатысуға өтініш берді. Жеңімпаздар бірқатар аталым бойынша анықталады. Олардың ішінде Газдалған сусын, Шай, Кондитерлік тағамдар, Ұн, Сүт өнімдері сынды бөлімдер бар. Бүгінде 27 кәсіпорын "Халық маркасы" жеңімпазы атанды.

Байқау жеңімпаздары "Халық маркасы" белгісін өз тауар орамасына жарнама ретінде екі жылға дейін қолдануға мүмкіндік алады. Ұйымдастырушылардың пайымынша, аталған белгі арқылы өнім шығарушылар тұтынушылар арасында танымалдылыққа ие болады.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!