Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары ҚДБ-ге қызметке кірді

Фотография - Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары ҚДБ-ге қызметке кірді

Банктің директорлар кеңесі Мұрат Құдышевті басқарма төрағасының орынбасары етіп тағайындады

280 0


"Қазақстан даму банкі" АҚ директорлар кеңесінің 2015 жылдың 23 қазандағы шешімімен  Мұрат Құдышев ҚДБ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 3 қарашада Құдышевті бас менеджерлерге таныстыру өтті, деп жазады Today.kz банктің қоғаммен байланыс қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мұрат Құдышев банкте қаржылық және операциялық қызмет, экономикалық жоспарлау мен бюджеттеу, қазыналық, халықаралық және ішкі қарыздар бойынша жетекшілік етеді.

Мұрат Тишбекұлы Құдышев  1963 жылы 8 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы шет тілдері институтын ағылшын және неміс тілі пәндерінің оқытушысы мамандығы бойынша (1985ж.), Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша (1989 ж.) тәмамдаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде, Қазақстанның Даму банкінде, Қазақстанның инвестициялық қорында, Қазақстанның контрактілік агенттігінде, "Самрұқ" холдингінде, "МЖЗҚ" жинақтаушы зейнетақы қорында, "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі"АҚ-ында түрлі қызметтерде болған. Алматы қаласының әкімі А. Есімовтың 2008 жылғы 3 шілдедегі өкімімен Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып тағайындалған болатын. Қазақ, орыс, неміс, ағылшын тілдерін меңгерген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!