Қазақстан Президенті Д.Кэмеронды I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

Фотография - Қазақстан Президенті Д.Кэмеронды I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

сурет:facebook.com/AkordaPress

Нұрсұлтан Назарбаев Д.Кэмеронның 2013 жылы Қазақстанға жасаған сапары екіжақты қарым-қатынастарға тың серпін бергенін айтты

291 0

Қазақстан Президенті Ұлыбритания Премьер-министрін I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды  Today.kz   Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Британия ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Д.Кэмеронның 2013 жылы Қазақстанға жасаған сапары екіжақты қарым-қатынастарға тың серпін бергенін айтты. Елбасы сондай-ақ  келіссөздер барысында Қазақстан үкіметінің мүшелері британ тарапымен маңызды уағдаластықтарға қол жеткізгенін атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті  Ұлыбритания Премьер-министрін соңғы өткен парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және жаңа үкімет құрамын жасақтауымен құттықтады.  

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!