Еліміздің басым аумағында бүгін жел тұрып, көктайғақ болады

Фотография - Еліміздің басым аумағында бүгін жел тұрып, көктайғақ болады

сурет online-urok.ru сайтынан

Жамбыл, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында да дауылды жел соғады және тұман түседі

155 0

Республиканың басым аумағында бүгін атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты боран соғып, тұман түседі, сондай-ақ, дауылды жел тұрып, көктайғақ болады деп күтілуде. Тек, еліміздің оңтүстік-шығысында ғана күн ашық деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. 

Ақмола мен Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қарағанды облысының кей аудандарында көктайғақ болады деп болжануда.

Жамбыл, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында да дауылды жел соғады және тұман түседі.

Алматы облысының кей аудандары да тұманды. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында жел күші секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Қызылорда облысының кей аумағында да дауылды жел болады, жылдамдығы - 25 м/с.

Маңғыстау мен Атырау облыстарында жел өз күшіне мінеді. Түнде және таңертең Атырау облысының кей аймағына тұман түсуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында да жел күші секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Түнде және күндіз тұманды.

Ақтөбе облысының басым аумағында көктайғақ болады.

Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында боранды жел соғады. Мұнда да күн жауын-шашынды және көктайғақ болады деп күтілуде. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!