Алматы әкімі жол құрылысымен танысты

Фотография - Алматы әкімі жол құрылысымен танысты

сурет motor.kz сайтынан

Атап айтқанда, әкім Төле би мен Шығыс айналма жолы арасындағы жолайрығының құрылысын тексерді

323 0

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жол инфрақұрылымы құрылысымен танысты, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, әкім Төле би мен Шығыс айналма жолы арасындағы жолайрығының құрылысын тексерді. Бұл жол Төле би көшесін әл-Фараби даңғылымен біріктіретін болады. Нысан 2016 жылдың қыркүйегінде пайдалануға беріледі. Бұл көлік торабы арқылы тәулігіне 186 мың автокөлік өтеді деп күтіліп отыр. Қала әкімі үнемделген ақшаның есебінен жол салынған жерден Орталық саябағына қауіпсіз өту үшін екі араға жерүсті жаяу жүргін жолын салуды тапсырды.

Кейін әкім Бөкейханов пен Солтүстік айналма жолы арасында салынып жатқан жол айрығын бақылады.

Солтүстік айналма жолында 10 жолақ бар. Олардың екеуі автобусқа арналған. 4-і жергілікті жол, 4-і транзиттік жол болып табылады. Құрылыс компаниясына нысанды дер кезінде, яғни 2016 жылдың желтоқсанында өткізу тапсырылды.

Сондай-ақ, Бауыржан Байбек Рысқұлов-Саин көшесінің қиылысындағы жол айрығы 2016 жылдың қазанында пайдалануға берілсе, жолдың қос бағыттағы өтімділігі тәулігіне 125 көлікті құрайтындығын айтты.

Шаһар басшысы "Асфальтбетон№1" кәсіпорнына бас сұқты. Аталған кәсіпорын жол құрылысы материалдары асфальт, бетон, битум, битум эмульсиясын шығаруда көшбасшы болып келеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!