Tele2 Altel-мен қосылғаннан кейін компанияны басқарады

Фотография - Tele2  Altel-мен қосылғаннан кейін компанияны басқарады

Altel мен Tele2 қосылуы байланыс сапасына оң әсер етеді деп күтілуде.

942 0

"Қазақтелеком" АҚ мен Tele2 Group еншілес мобильді операторларының - "АЛТЕЛ" АҚ (ALTEL 4G бренді) мен "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС (Tele2 бренді) біріктіру туралы келісімге келді. Жаңа оператордың болашағы туралы Today.kz сарапшылар пікірін сұрады.

"Енді екі брендті - ALTEL менТеле2 басқаратын бір компания болады. Бұл ALTEL абоненттерінің автоматты түрде Теле2-ге өтеді деген сөз емес – қос бренд те болады. Бұл Қазақстандағы алты мың станцияның бір желісі болады, - дейді "Теле2 Қазақстан" компаниясының қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Олжас Бибанов.

 "Қазақтелеком ұтқыр бизнестің ағымдағы ауқымы мен бәсекелестік ұстанымдарын ұлғайта отырып, телекоммуникация нарығындағы көшбасшы ұстанымдарын әрі қарай да сақтап қалуға ниетті, бұл компанияны ұзақ мерзімді дамыту стратегиясына сәйкес келеді", - деп атап көрсетті "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

"Бұл мәміле біздің пайдаланушыларымызға Алтелдің жоғары қарқынмен өсіп отырған 4G желісіне байланысуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде клиенттеріміз бен акционерлеріміз бірлескен компаниядан синергия әсеріне қол жеткізетін болады", - деді Tele2 Group Президенті, CEO Элисон Киркби мәлімдеді.

Мәмілеге сәйкес "Қазақтелеком" АҚ және Tele2 акционерлік капиталдың тиісінше 51% және 49% және бірлескен компанияның дауыс беретін акцияларының 49% және 51% ие болады. Мәміле мемлекеттік реттеу органдарының келісімдерін алғаннан кейін аяқталатын болады.

"Қазақтелеком" АҚ - тіркелген байланыс, интернет, ұялы байланыс және ұялы интернеттің қазақстандық ірі операторы, инфокоммуникациялық қызметтер провайдері. Тіркелген байланыс абоненттерінің саны - 3,9 млн адам, интернет желісіне қатынау қызметтері пайдаланушыларының саны - компаниялар тобында 4,4 млн адам (2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша).

 

 


Тегтер:

Tele2 Altel қосылуы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!