Астанада қарлы боран соғады

Фотография - Астанада қарлы боран соғады

Синоптиктердің болжамынша, елордада алдағы күндері ауа райы өзгереді

248 0

Синоптиктердің болжамынша, елордада алдағы күндері ауа райы өзгереді. Қар жауып, боран соғады деп күтілуде.

Скандинавия аумағынан соққан суық циклон Қазақстанға орнауы салдарынан елорда аумағында жауын-шашын күтілуде.

Ертең, 5 қарашада елордада күн ала бұлтты, кейде қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдылығы 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 0 - 2°С, күндіз 0+2°С болады.

Жұма күні, 6 қарашада елордада көшпелі бұлт шығып, кейде қар жауып, сырма боран соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, желдің екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1 - 3°C, күндіз -0°C  төмен болады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 8-9 қарашада Астана аумағында батыстан антициклон соғып, ауа температурасы төмендейді, деп жазадые елорданың ресми сайты.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!