Назарбаев Ұлыбритания сыртқы істер министрімен кездесті

Фотография - Назарбаев Ұлыбритания сыртқы істер министрімен кездесті

Мемлекет басшысы Ұлыбритания сыртқы істер министрі Филип Хэммондпен кездесті

292 0

Мемлекет басшысы Ұлыбритания сыртқы істер министрі Филип Хэммондпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. 

 Кездесу барысында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті Ұлыбритания Премьер-министрімен өткен келіссөздер жемісті болғанына, нәтижесінде тараптардың барлық бағыттар бойынша, соның ішінде экономикалық және саяси мәселелерге қатысты өзара түсіністік тапқанына назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ екі елдің сыртқы саясат ведомстволары арасында өзара ықпалдастық жөніндегі арнаулы комиссия құру туралы жоспарды оң бағалады, бұл комиссияның міндеті Қазақстан мен Ұлыбританияның барлық уағдаластықтарын нақты жүзеге асыру болмақ. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!