Қазақстанның басым аумағында бұрқасын болады

Фотография - Қазақстанның басым аумағында бұрқасын болады

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде қар жауып, боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады

128 0

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде қар жауып, боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Жамбыл облысында кей бөліктерде тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с-ке дейін барады. Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, жел күшейеді, күндіз екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді. Қызылорда өңірінде тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде. Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін барады. Алматы, Шығыс Қазақстан, күндіз Атырау облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Батыс Қазақстан өңірінде тұман түсіп, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай облысында тұман түседі, көктайғақ болады, Солтүстік Қазақстан өңірінде кей жерлерде бұрқасын болады деп болжануда. Павлодар облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, көктайғақ болады. Маңғыстау облысында кей бөліктерде тұман түседі деп күтілуде.


BNews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!