Қазақстанда жүргізуші куәлігін туған күнге жиі сыйлайды

Фотография - Қазақстанда жүргізуші куәлігін туған күнге жиі сыйлайды

Мамандардың есебі бойынша, жол жүру ережесін жүргізушілердің 90 пайызы білмейді

649 0

Бүгінгі күнде Қазақстанда жол жүру ережесін жүргізушілердің тек 12-13 пайызы ғана біледі, деп жазады Today.kz ҚР көлік жүргізушілер одағының төрағасы Талғат Жаңабаевқа сілтеме жасай отырып.

"Жүргізушілер одағының зерттеу нәтижесіне сәйкес, бүгінгі күнде жол жүру ережесін жүргізушілердің 12-13 пайызы ғана біледі. Біз ерікті түрде жол жүру ережесін білу бойынша зерттеу жүргіздік. Бұл жүргізушілердің ережені қасақана емес, білместіктен бұзатынын білдіреді", – дейді Талғат Жаңабаев Мәжідіс парламентіндегі "Жол жүру саласындағы заңнаманы жетілдіру" атты дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, ЖЖЕ дұрыс білмейтін жүргізушілер ғана емес.

"Жүргізушілерді тоқтатқанда жол полициясы да ережені білмейді. Соңғы бес жылда заңнама түбегейлі өзгерген. Олар кейде өзгеріс енгенін түсіндіру керек болады", - дейді одақ басшысы.

Сонымен қатар Жаңабаев жүргізуші куәлігін туған күнге жиі сыйлайтынына алаңдаулы.

"Бүгінде автомектептер куәлікті сатып жатыр. Жүргізуші куәлігін туған күнге сыйлауға болады – бұл бізде бар жағдай. Ұл бала 18 жасқа толды – біз оған көлікпен бірге куәлік сыйлаймыз. Әрине, жол полициясы хабардар. Бұнымен ешкім күрескісі келмейді", - дейді ол.

Екінші мәселе ретінде ол автомектептердегі төменгі дайындықты атап өтті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!