Қазақстанда оқулықтардың сапасын бағалауға арналған сайт іске қосылды

Фотография - Қазақстанда оқулықтардың сапасын бағалауға арналған сайт іске қосылды

"Портал www.expert.okulyk-edu.kz адресі бойынша "Оқулық" Республикалық ғылыми-пратикалық орталығының сайтында орналасқан

233 0

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2015 жылдың 1 қарашасынан "Оқулықтардың сапасына қоғамдық баға" арнайы порталы жұмысын бастағаны туралы хабарлады.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл порталдың көмегімен жұртшылық басылып жатқан оқулықтар мен ОӘҚ сапасына қатысты өз ұсыныстары мен ескертулерін білдіре алады.

"Портал www.expert.okulyk-edu.kz адресі бойынша "Оқулық" Республикалық ғылыми-пратикалық орталығының сайтында орналасқан.

Педагогтар мен ата-аналарды, БАҚ өкілдерін және қызығушылық танытқан барлық тұлғаларды оқулықтарға қоғамдық баға беруге қатысуға шақырамыз және өздеріңіздің ескертулер мен ұсыныстарыңызды қалдыруларыңызды сұраймыз. Сіздердің ойларыңыз оқу әдебиеттерінің сапасын жетілдіру үшін өте маңызды», - делінген хабарламада.


BNews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!