Парижде Нұрсұлтан Назарбаевты жоғары деңгейде қарсы алды

Фотография - Парижде Нұрсұлтан Назарбаевты жоғары деңгейде қарсы алды

Олармен бірге Мемлекет басшысы екі елдің әнұрандарын тыңдау залына барды.

366 0

Ақорданың баспасөз қызметі Фейсбуктегі өз аккаунтында Парижде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты салтанатты қарсы алу рәсімін жариялады.

"Елбасының Парижге барған ресми сапары кезінде Мүгедектер үйінде салтанатты шара өтті. Одан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Елисей сарайында болып,  Франция  Республикасының Президенті Франсуа Олландпен кездесті", - деп атап өтілген хабарламада. 

Шара кезінде Қазақстан Президентін Франция Премьер-министрі кабинетінің Мемлекеттік хатшысы Ж.Гуен мен Париж қ. әскери губернаторының өкілі М.Базан қарсы алды.

Олармен бірге Мемлекет басшысы екі елдің әнұрандарын  тыңдау залына барды.  Бұдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Франция  Республикасының туын қарсы алып,  құрметті қарауыл сапын айналып өтіп, Құрмет Қарауыл бастығының баянатын тыңдады.

Атап өтейік, аталған шара келген қонақты ерекше құрметтеудің белгісі және екі ел әріптестігінің стратегиялық сипатын көрсетеді.

Мүгедектер үйі - сәулет ескерткіші. Оның  құрылысы XIV Людовиктің бұйрығымен жарақаттанған сарбаздарды күту үшін 1670 жылы басталған.  Ол Париж бен Еуропадағы атақты сәулет құрылыстарының бірі. Бүгінде онда бірнеше мұражай мен  әскерилер қорымы орналасқан.  

ҚазАқпарат

 


Тегтер:

елбасы Париж

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!