Қазақстанда Рeugeot түрлері толығымен шығарылатын болады

Фотография - Қазақстанда Рeugeot түрлері толығымен шығарылатын болады

Н. Назарбаевтың Францияға сапары аясында "Бәйтерек" холдингі мен Allur-Group және PSA Peugeot Citroën отандық автопромды дамытуға келісті

158 0

Қазақстан президентінің Францияға сапары аясында "Бәйтерек" холдингі мен Allur-Group және PSA Peugeot Citroën отандық автопромды дамытуға келісті.

Құжатқа сәйкес "СарыарқаАвтоПром" компаниясының Қостанайдағы зауытында француздық көлік толық циклда шығарылатын болады. Бұл ретте «Бәйтерек» холдингі тарапынан қаржылай қолдау көрсетіледі. Айта кетейік, осыдан 2 жыл бұрын елімізде Peugeot-ның 5 түрлі моделін құрастыру ісі қолға алынған. Енді әріптестік көкжиегі кеңейгеннен кейін аталған көлік түрі бастан-аяқ Қазақстанда жасалмақ. Қостанайдағы зауыт толығымен көлік шығару ісіне келер жылдың соңына қарай кіріседі.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!