Назарбаев ЮНЕСКО бас директоры Ирина Боковамен кездесті

Фотография - Назарбаев ЮНЕСКО бас директоры Ирина Боковамен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Боковамен кездесті

691 7

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Боковамен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

 Кездесу барысында мәдени және тарихи мұраларды сақтау ісінде, білім және ғылым саласында халықаралық байланыстар аясын кеңейтудегі Қазақстан мен ЮНЕСКО-ның өзара ықпалдастығы мәселелері талқыланды.

Елбасы Қазақстанның ЮНЕСКО-ны қолдайтынын және белсене ынтымақтасып келе жатқанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев И.Бокованың 2012 жылы Астанаға сапары аясында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысуының маңыздылығын атап өтті.

ЮНЕСКО-мен біздің арамызда жақсы қарым-қатынас орныққан. «Адамзаттың ар-ұжданы» аталған бұл ұйым дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды қорғайды. Қазақстан мәдениетінің көптеген айшықты даталары ЮНЕСКО-да атап өтілді, – деді Қазақстан Президенті.

И.Бокова өз сөзінде Қазақстан ЮНЕСКО-ның ең белсенді әрі ілкімді серіктесі болып саналатынын, соған байланысты ұйымның 70 жылдығында оның Бас конференциясының Нұрсұлтан Назарбаевсыз өтуін елестету мүмкін еместігіне назар аударды.
ЮНЕСКО Бас директоры Қазақстанның мәдениеттерді жақындастыруға байланысты ұсынған бастамалары мен жобаларының әлемдегі келісімді нығайту ісінде зор маңызы бар екенін де атап өтті.



Загрузка...

Пікір (7)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Аноним 8 қар. 2015

Что может быть лучше тишина и мир в стране! Да пусть будет таки продолжаться!

Жауап беру


Аноним 8 қар. 2015

Нашу страну знают другие страны и признали нас! Это уже показатель!

Жауап беру


Аноним 8 қар. 2015

Біздің басты мақсатымыз - елдің дамуына өзіміздің үлесімізді қосу.

Жауап беру


Аноним 8 қар. 2015

Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Жауап беру


Аноним 8 қар. 2015

Казахстан слава Богу растет! Мы гордимся этим. Нужно держать эту планку и расти дальше!

Жауап беру


Аноним 8 қар. 2015

Қазіргі таңда мемлекетіміздің дамуын астананың көркеюінен көруге болады. Күннен күнге Астана өзгеруде.

Жауап беру