Францияға ресми сапар қорытындысына арналған брифинг

Фотография - Францияға ресми сапар қорытындысына арналған брифинг

Нұрсұлтан Назарбаев аграрлық сектордағы бірлескен жобалар жөнінде жасалған уағдаластықтардың біздің ел үшін зор мәні бар екенін де айтты.

235 0

Мемлекет басшысы брифингте сапарының жоғары деңгейде өткенін және француз тарапы айрықша қонақжайлық көрсеткенін, бұл – екі елдің тығыз серіктестік орнатып отырғанының айғағы екенін атап өтті, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 


Біз Францияның бұрынғы басшылығымен стратегиялық серіктестік туралы уағдаласқан едік. Бүгінде 34 ірі жоба іске асырылды, 24-і жүзеге асырылу кезеңінде тұр, кешегі бизнес форумда жасалған келісімшарттар мен келісімдерге сәйкес тағы ондаған жоба болашаққа жоспарланған, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Қазақстан Президенті Францияның еуропалық аренадағы салмақты орны бар ел екеніне, экономиканың көптеген салаларында, әсіресе ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарда келе жатқанына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев аграрлық сектордағы бірлескен жобалар жөнінде жасалған уағдаластықтардың біздің ел үшін зор мәні бар екенін де айтты.


Біз машина жасау, химия индустриясы, энергетика, білім және медицина салаларында да ынтымақтасатын боламыз. Индустриялық және инфрақұрылымдық бағдарламаларды жүзеге асыру ісіне Ұлыбританияның да, Францияның да атсалысқаны біз үшін аса маңызды. Осы сапар және оның барысында өткен келіссөздер елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты бұрынғыдан да жоғары деңгейге көтерді, – деді Мемлекет басшысы.  




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!