Қарағанды облысы Осакаров ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Фотография - Қарағанды облысы Осакаров ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Пара алды деп айыпталған Осакаров ауданының бұрынғы әкімі Нұржан Әбілдин екі айға тергеу изоляторына қамалған.

825 0

Қарағанды облысындағы Осакаров ауданының әкімі болып 38 жастағы Қайрат Шайжанов тағайындалды. Ол осыған дейін Жезқазғанда құрылыс фирмасының директоры болған. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"7 қарашада Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Осакаров ауданының активтерімен жиын өткізіп, кадрлық ауысым туралы айтты. ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен аймақ басшысының бұйрығы бойынша  Осакаров ауданының әкімі болып Шайжанов Қайрат Абдоллаұлы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, пара алды деп айыпталған Осакаров ауданының бұрынғы әкімі Нұржан Әбілдин екі айға тергеу изоляторына қамалды. Ол сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен 2 қыркүйекте қамауға алынды.  Бұған дейін ол екі айдан сәл көбірек аудан әкімі болған. Оған дейін осы аудан әкімінің орынбасары болды.

Оның міндетін уақытша әкім орынбасары Нұрлан Ламбеков атқарды.

Қ. Шайжанов 1977 жылы туған. Екі жоғары білімі бар: "өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс", "заңгер". Еңбек жолын құрылыс фирмаларында басқару қызметтерінен бастады. 2007 жылы мемлекеттік қызметке орналасты. Сәтпаевтағы Жезқазған кентінің әкімі, кейін Сәтпаев әкімінің орынбасары,  Жезқазған  әкімінің кеңесшісі болды. 2013 жылы Астана қ. "Қазақстандық ТКШ дамыту және жаңғырту орталығы" АҚ коммуналдық шаруашылық департаментін басқарды.  Кейін Астана қ. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы" ЖШС бас директоры болды. 2015 жылдың маусымынан Жезқазғандағы  "Әлем-строй" ЖШС директоры болды.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!