Еліміздің басым бөлігінде қарлы боран болады

Фотография - Еліміздің басым бөлігінде қарлы боран болады

Тек республиканың батысы мен оңтүстік аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз

835 0

Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, жауын-шашын жауады, тек республиканың батысы мен оңтүстік аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

 "Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, боран соғып, тұман түседі, көктайғақ, жел күшейеді. Тек республиканың батысы мен оңтүстік аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында боран соғып, көктайғақ болады, тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Павлодар облысында кей жерлерде боран соғып, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Қостанай облысында кей жерлерде боран жүріп, тұман түседі. Ақмола облысында кей жерлерде боран соғып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, түнде және таңертең Алматы, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түседі", - делінген хабарламада.  





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!