Батырхан Шүкеновтің құрметіне мәрмәрден жасалған ескерткіш қойылды

Фотография - Батырхан Шүкеновтің құрметіне мәрмәрден жасалған ескерткіш қойылды

Ескерткіш тақтасының биіктігі 2,15 метр. Оң жағында саксофон ұстаған Батырдың бейнесі бейнеленген.

750 0

Алматыда Батырхан Шүкеновтің құрметіне Кеңсай зиратында мемориал кешені ашылды. Бұл туралы марқұмның арт-директоры, отбасының досы Олжас Байқанов айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

"Батырдың достары, жағдайы жақсы адамдар осы ескерткішті қоюға көмектесті. Оның отбасы да өз көмек қолын ұсынды. Кешен өте қымбат, бірақ талғаммен жасалды", - деді О.Байқанов. 
Қою жасыл түсті Қордай тасынан жасалған кешен жарты ай түрінде жасалған. Сол жағында скрипка кілті бейнеленген. 
Ескерткіш тақтасының биіктігі 2,15 метр. Оң жағында саксофон ұстаған Батырдың бейнесі бейнеленген. 
Автор Әсел Есжанованың ойына сәйкес, скрипка кілтінің үстінен орган аспабының 52 трубасы салынды. Бұл батырдың 52 жасын білдіреді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!