Мамытбеков: Байлар неге арзан нан алу керек?

Фотография - Мамытбеков: Байлар неге арзан нан алу керек?

None

1310 0

Қазақстанда арзан нанды өндіру орнына әлеуметтік осал тұрғындардың тұтыну себетін қайта есептеу жоспарлануда. Бұл туралы парламенттегі үкіметтік сағат барысында ҚР ауылшаруашылық министрі Асылжан Ьамытбеков мәлімдеді, деп жазады Today.kz тілшісі.

"Кейінгі бес-алты жылда үкімет жыл сайын І сұрып, 600 грамдық нанның бағасын түсіруге шамамен алты-сегіз миллиард теңге жұмсайтын. Бұл көлем кейде 12-15 миллиард теңгеге дейін жететін. 1,5 жыл бұрын субсидия нормативтерін қысқартылып, нан бағасы нарықтық бағаға жақындатылады деген шешім қабылданған. Яғни, ол реттелетін, арзандатылған болмау керек. Бәсекелестікті дамыту есебінен баға нарықтық болады. Мұндай шешім: біріншіден, бұл бағытталмаған, нанды біз байлар үшін де, кедейлер үшін де арзандатамыз. Бұл мемлекетке қымбатқа түсуде, өйткені еңбек пен әлеуметтік қорғау министрлігінің есебі, нанды тек қажетті топтарға ғана арзандатса, оның құны 1,5 миллиарда қана болатынын көрсетті", - деді Асылжан Мамытбеков.

Сондай-ақ, министр арзандатылған ұн мен нан нарыққа түсіп, сонда сатылған коррупциялық жағдайлар болғанын да атап өтті. Мамытбеков мұны "әлеуметтік әділетсіздік" деп атады. Оның ойынша көмек қажетті адамдарға ғана жасалуы тиіс.

Снымен бірге, ол нанға крталық жүйені енгізу туралы да айтып берді.

"Айта кетейін, біз мұндай позицияны ұстанбаймыз. Ештеме ойлап тауып керек емес, нәтижелі әлеуметтік бағытталған механизм бар. Тек тұтыну себетінің есебін қарастырамыз да, көмек керек жаедар қажетті жәрдемақыны көбірк алады", - деді министр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!