9 айда аймақтарда 311 мың адам жұмыспен қамтылған

Фотография - 9 айда аймақтарда 311 мың адам жұмыспен қамтылған

Тұрақты жұмыспен қамтылғаны – 166 мың адам.

199 0

Биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңірлерде 311,6 мың адам жұмыс орнымен қамтылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.  

 – Ағымдағы жылдың 1 қазанында өңірлерде іске асырып жатқан жұмыспен қамту жөніндегі кешенді жоспарлармен 333 мың адам қамтылды. Оның ішінде жұмысқа 312 мың адам орналастырылды. Тұрақты жұмыспен қамтылғаны – 166 мың адам (53 %). 146 мың адамға біз уақытша жұмыс орнын таптық. Бұған өңірлерде іске асырылып отырған «Жұмыспен қамту жол картасының» қосатын үлесі зор. Осы бағдарлама қатысушысы ретінде 108 мың адам тіркелді. Жоспарымыз бойынша осы жылы 42,5 мың адам еді. Алайда көрсеткіш екі жарым есе артты. Бұл бүгінгі таңда жұмыспен қамту мәселесінің өзектілігін көрсетеді. Бағдарламаға қатысушылардың 55 пайызы жұмыссыз жүрген азаматтар болса, 45 пайызы өз бетінше жұмыспен айналысып жүргендер. Бағдарлама қатысушылары арасында әйелдердің үлесі – 47 пайыз, жастардың үлесі – 42 пайыз болды. Себебі бағдарламада осы санаттағы азаматтарға басымдық беріледі, –дейді Біржан Нұрымбетов 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!