Вице-министр: Жер аукцион арқылы ғана сатылатын болады

Фотография - Вице-министр: Жер аукцион арқылы ғана сатылатын болады

Жер учаскесінің кадастрлық құнын арттыруды көздейтін аукцион арқылы саудаланады

185 0

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев елімізде бос жатқан жерлер тек аукцион арқылы ғана сатылу керектігін айтты.

"Өздеріңіз білетін шығарсыздар, қазіргі кезде елімізде ауыл шаруашылығы мақсатындағы мемлекеттік босалқы жерлер нарықтық айналымға тартылмаған күйінде қалып отыр. Осығын орай, заң жобасымен Жер кодексіне мынадай түзетулер енгізіледі деп күтілуде. Яғни, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аукциондар арқылы жеке меншiкке беру. Бұл ретте мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер ҚР азаматтары мен заңды тұлғаларына жеке меншік құқығымен аукциондар арқылы үлестіріледі", - деді Қайырбек Айтбайұлы.

Сонымен қатар, бұл қадам Жер кодексінде көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылып, жер учаскесінің кадастрлық құнын арттыруды көздейтін аукцион арқылы саудаланады.

"Егер екі аукционның нәтижесі бойынша участок сатылмаса, онда ол жер учаскесінің кадастрлық құнын бекітілген төменгі деңгейге дейін (кадастрлық құнының 50 %) төмендетуді көздейтін аукционға қойылады", - деді вице-министр.


Baq.kz


Тегтер:

аукцион жер

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!