Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түседі, кей жерлерде көктайғақ болады

Фотография - Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түседі, кей жерлерде көктайғақ болады

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді

158 0

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын соғады, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Тек Республиканың батысында және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертен Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с-ға дейін күшейеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!