Т.Мұсабаев БАӘ Ғарыш агенттігінің басшысымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Фотография - Т.Мұсабаев БАӘ Ғарыш агенттігінің басшысымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Келіссөздің негізгі мәселесі Қазақстан мен БАӘ арасындағы ғарыш саласындағы одан әрі ынтымақтастықты талқылау болды

255 0

Қазғарыш төрағасы Талғат Мұсабаев "Dubai Airshow 2015" халықаралық авиасалонының ашылуына қатысты.

ҚР Инвестиция және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовпен және БАӘ-дегі ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Лама Шарифпен бірлесіп "Dubai Airshow 2015" халықаралық авиасалонының ашылуына қатысты, деп хабарлады Қазғарыш баспасөз қызметі.

 Қазғарыш басшысы аталмыш шара барысында Біріккен Араб Әмірлігі Ғарыш агенттігінің басшысымен кездесті. Келіссөздің негізгі мәселесі Қазақстан мен БАӘ арасындағы ғарыш саласындағы одан әрі ынтымақтастықты талқылау болды.

Дубайлық авиасалон аясында Т. Мұсабаев "М.Ф. Решетнева атындағы ақпараттық серіктік жүйе" АҚ (РФ) өкілдерімен кездесті.

 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!