А.Мамытбеков: СҚО-да астықтың 20 пайызы қар астында қалуы мүмкін емес нәрсе

Фотография - А.Мамытбеков: СҚО-да астықтың 20 пайызы қар астында қалуы мүмкін емес нәрсе

Министр тілшілердің осы оқиғаға шынайы бағасын беру үшін аталмыш қожалыққа арнайы пресс-тур ұйымдастыруға дайын екендігін де мәлім етті

159 0

Солтүстік Қазақстан облысында астықтың 20 пайызы қар астында қалуы мүмкін емес. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

"Астықтың 20 пайызы қар астында қалды деп айтып жатыр, ол - мүмкін емес нәрсе. Иә, кейбір жекелеген шаруа қожалықтарында қар астында қалған бидай бар болуы әбден мүмкін. Ондай-ондай әр кезде де болған. Егер оған қарайтын болсақ, ондай жағдайлар техника жетіспеушілігінен орын алып жатады. Биыл қар ерте түсті, көктемде егін егу жұмыстары да кеш басталғанын білесіздер. Соның кесірінен егін жиналмай қалғаны бар. Ол негізінен климаттық себептерге байланысты", - деп атап өтті министр.

Ол Фейсбуктен аталмыш бейнероликті көрген және СҚО және Тайыншы ауданы әкімімен тілдескен. Алайда олар бұл шаруа қожалығында егіннің толықтай жиналғанын айтқан.

Министр тілшілердің осы оқиғаға шынайы бағасын беру үшін аталмыш шаруа қожалығына арнайы пресс-тур ұйымдастыруға дайын екендігін де мәлім етті.

А.Мамытбеков атап көрсеткеніндей, жиын-терім әр шаруаның өз жұмысы, мемлекет тек оған қолдау жасай алады. Бұл жерде тек субсидиялардың тиімділігін арттыру қажеттігін ғана айтқан жөн. Бұл бағытта министрлік жұмыс істеп жатыр. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!