АШМ: Нанды кесек-кесек етіп сатуға болады

Фотография - АШМ: Нанды кесек-кесек етіп сатуға болады

Алайда, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі нанды кесіп сату керек деген тұжырымдама шықпайды,- дейді министр.

331 0

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров нанды рационалды тұтыну үшін оны кесілген түрінде және аз бөліктермен сатқан дұрыс деген пікір білдірген еді. Осыған байланысты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков орынбасарының бұл жауабына қалай қарайтынын айтты.

 – Менің орынбасарыма тілшілер "нанды кесіп сатуға қалай қарайсыз?" деп сұрақ қойды. Ол "нанды кесек-кесек етіп сатуға болады" деген пікір білдірді. Бірақ одан ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі нанды кесіп сату керек деген тұжырымдама шықпайды. Соны түсіңіздер. Менде қазір айтамын. Тұтынушыға қажет болатын болса, кесіп, бөліп сату керек. Әрине қажет болса. Оның несі бар? Соны кейбір журналистер қауымы түсінбей, Ауылшаруашылығы министрлігі нанды бәріне кесіп береді екен деп айтып шығады. Ол дұрыс емес. Негізгі мәтіннен жұлмай, толық берсе оны бәрі түсінер еді, – дейді Асылжан Мамытбеков. 

Сондай-ақ ведомство басшысы 2015 жылдың алғашқы 9 айының қорытындысында айтып өтті. 

–Тоғыз айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 1866, 4 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкесінше уақыт көрсеткішінен 3,1 пайызға артық. Бұған өсімдік шарушалығындағы өнім өндірісінің көлемінің 3,1 пайызға, еттің барлық түрінің 2,5 пайызға, сиыр сүтінің 2,4, тауыр жұмыртқасының 11, 8 пайызға өскендігін қосуға болады. Ұйымдасқан шаруашылықтарда мал басының саны да арта түсті.Сонымен жылқы саны 2135,2 мың басқа жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,1% жоғары. Ірі қара малдың саны – 6649, 8 (2,6 %), қой және ешкі 20556,3 мың бас (0,9%), сондай-ақ 38479, 8 мың құс (5,2 %) бар, – дейді А. Мамытбеков.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!