Қазақстанда LiveJournal блог-платформасы бұғаттан ашылды

Фотография - Қазақстанда LiveJournal блог-платформасы бұғаттан ашылды

ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шешімімен 2015 жылдың 11 қарашасынан ресурсқа қол жетімді

264 0

Қазақстанда 11 қарашадан бастап LiveJournal ("Жанды журнал") блог-платформасының жұмысы жандандырылды, деп жазады Today.kz ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне (БААК) сілтеме жасай отырып.

"Жанды журнал" жұмысы LiveJournal блог-платформасы әкімшілігінің ресурста орнатылған заңға қарсы материалдарды алып тастау бойынша Қазақстан Республикасының сот органдарының шешімін орындағаннан кейін қалпына келтірілді. LiveJournal өкілдері терроризм мен діни экстремизм, терроризм актілерін жасауға және жарылғыш заттар даярлауға шақыру белгілері бар материалдар алынып тасталғанын хабарлады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, "Жанды журнал" жұмысы Қазақстанда 2011 жылдың 20 тамызында сот қаулысымен тоқтатылған.

Сонымен бірге, LiveJournal Қазақстанда өкілдік ашуды және блог-платформаның қазақстандық сегментін дамытуды жоспарлап отырғаны белгілі болды.


Тегтер:

ашылды LiveJournal

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!