Алкоголь өнімдерінің акциз ставкалары көтеріледі

Фотография - Алкоголь өнімдерінің акциз ставкалары көтеріледі

Заңда салық саясаты бойынша бірқатар шаралар қамтылып отыр

129 0

Бүгін Мәжілісте палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына Сенат тарапынан енгізілген түзетулерді қарады. Талқылаудан соң төменгі палата депутаттары Сенат енгізген ұсыныстарға келісімін берді. Енді құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Айта кетерлігі, Парламент қабылдаған осы заң "100 нақты қадам" Ұлт Жоспарының 39-, 65- және 67-қадамдарын іске асыру, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру тетіктерін жетілдіру жолымен қолайлы кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру мақсатында әзірленген болатын.

Заңда салық саясаты бойынша бірқатар шаралар қамтылып отыр. Мәселен, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрудың шекті мөлшерін 59,4 млн. теңгеден 6,4 млн. теңгеге төмендету, тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін нормалардың қолданылу мерзімін 2022 жылға дейін ұзарту, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу алымын төлеуді алып тастау қарастырылады. Бұдан бөлек, геологиялық барлау жұмысы кезеңі ішінде жиналған қосылған құн салығын бес жылдың ішінде қайтару көзделіп отыр.

Мәжіліс депутаты Серік Оспановтың айтуынша, Сенат тарапынан құжатқа 5 түзету енгізген. Олардың ішінде бір түзету алкоголь өніміне коньяк, бренди, шарап, шарап материалы, сыра және сыра сусынынан басқа акциздер ставкасын қайта қарау ұсынылады.

"Айта кетерлігі, заң жобасын Мәжілісте қаралғанда Кеден одағындағы әріптес елдерде қабылданғандай, алкоголь өніміне салықтың қолданыстағы акциз ставкасын келесі үш жылға өзгеріссіз қалдыру жөніндегі түзету депутаттар тарапынан енгізілген. Бірақ ол уақытта Үкімет ондай шараға дайын болмағандықтан, өзінің қорытындысымен Мәжіліс депутаттарының бастамасын қолдамады. Заң жобасын Сенатта қарау барысында Үкімет өз шешімін қайта қарап, алкоголь өніміне акциз ставкасын күтіліп отырған 30 пайыздық өсімнен Сенатпен ұсынылған қолданыстағы ставканы 10-ға емес, 15 пайызға ұлғайту жөнінде шешім қабылдады. Осыған орай, Сенат енгізген түзетулермен келісуге болады деп есептейміз", - деді депутат Серік Оспанов.

Тұтастай алғанда, құжатты қабылдау, ең алдымен, қолайлы бизнес-ортаны құруға, мемлекеттің стратегиялық мақсаттарын іске асыруға және одан әрі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ықпал ететін болады.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!