Биыл Алматы-Өскемен автожолының 115 шақырымы пайдалануға беріледі

Фотография - Биыл Алматы-Өскемен автожолының 115 шақырымы пайдалануға беріледі

Жолды жөндеуге жеті отандық мердігерлік ұйым, 1362 бірлік жол-құрылыс техникасы және 30 мыңға жуық адам тартылды

258 0

Бүгін мердігер компаниялар өкілдерінің қатысуымен облыс әкімі Амандық Баталовпен өткен мәжілістің басты тақырыбы Алматы-Талдықорған жол учаскесінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасы, қауіпсіздігі мен мерзімдері жайлы болды.
Жөндеу жұмыстары "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар жолды қайта жаңғырту аясында өткізіліп жатыр. 

"Жолды жөндеуге жеті отандық мердігерлік ұйым, 1362 бірлік жол-құрылыс техникасы және 30 мыңға жуық адам тартылды. Ағымдағы жылы 115 шақырымын пайдалануға беру жоспарлануда. Оның ішінде 62 шақырымы цемент бетон жамылғы, 53 шақырымы - асфальт бетонды жамылғы. 13 қарашада Сарыөзек-Сарыбұлақ, 1 желтоқсанда - Алғабас-Балпық би" жолы пайдалануға берілмек", - деп түсіндірді «Алматы ҚазАвтожол» Алматы облыстық филиалы АҚ басшысы Батыр Дадамұрзаев.

Кездесу қорытындысында облыс әкімі Амандық Баталов алдағы қысқы маусымға дайындық, қауіпсіздік мәселесіне тоқталды. 

«Сапалы жолды қамтамасыз ету қажет. Сондықтан, жөндеу жұмыстарының сапасы мен жолаушылардың қауіпсіздігі әрдайым бірінші орында болуы тиіс. бұл мерзімдерді сақтауға да қатысты», - деді өңір басшысы А. Баталов.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!