Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді

Фотография - Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді

Еліміздің солтүстік және солтүстік-батыс бөліктерінде ауа райы көп жағдайда жауын-шашынсыз болады.

181 0

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді, тек республиканың солтүстік және солтүстік-батыс бөліктерінде ауа райы көп жағдайда жауын-шашынсыз болады, деп болжануда, деп хабарлайды BNews.kz.
"Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Жамбыл облысында 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы облысында Жаңакөл ауданында 17-22 м/с жылдамдықпен жел күшейеді деп болжануда. Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Маңғыстау облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, түнде көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде 15-20 м/с жылдамдықпен жел күшейеді. Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, күндіз кей жерлерде боран соғып, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал", - деп көрсетілген "Қазгидромет" РМК хабарламасында. 





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!