Еркам Туфан Айтав: Қазақстанда үйлесімді қоғам қалыптасқан

Фотография - Еркам Туфан Айтав: Қазақстанда үйлесімді қоғам қалыптасқан

"Еуразия диалогы" журналының бас редакторы Еркам Туфан Айтав Қазақстан қоғамы туралы ойын айтты

168 0

Қазақстанда үйлесімді қоғам қалыптасқан. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бейбітшілік пен келісім мәдениеті" II Халықаралық медиа форумының пленарлық сессиясы барысында түркиялық "Еуразия диалогы" журналының бас редакторы Еркам Туфан Айтав сөз етті.

"Көпұлтты, көп конфессиялы бір мемлекетте қалай бейбіт және тату өмір сүруге болады? Оған ақпарат құралдары қалай ықпал етеді? Мінсіз, идеалды қоғам қалай қалыптасады? Мен қоғамдарды үшке бөліп қарастырамын. Бірінші қорытпа, яғни, құрама қоғам, екіншісі мозайка түрлі түстер бар, бірақ, үйлесім жоқ. Үшіншісі, үйлесімді қоғам. Ол түріктің акварель деген өнері сияқты, яғни, үйлесімді қоғам құру әдемі сурет салумен бірдей. Бірінші топтағы қоғам бір ұлтты мемлекет болса, екінші топ ұлттар көп болғанымен, бір-бірімен байланысы, үйлесімі жоқ қоғам. Ал үшінші қоғам үйлесімді қоғам. Қазақстанда осы үшінші қоғам қалыптасқан. БҰҰ және басқа жерлерде де айтылған елбасының сөздері бейбітшілік пен әлемдік келісім үшін өте маңызды. Н.Назарбаев әлемде алғаш ядролық қарудан бас тартқан мемлекеттің басшысы ретінде ядролық қарусыздандыруды үлгі ретінде әлемге паш еткен. Бұл елбасының парасаттылығын көрсетеді", - дейді Еркам Туфан Айтав.

Атап өту керек, бүгін елордадағы «Қазмедиа орталығында» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» II Халықаралық медиа форумы өтіп жатыр. Оған ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың ресми тұлғалары, республикалық және өңірлік БАҚ пен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қытай, БАӘ, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Латвиядан келген сарапшылар, масс-медиа саласындағы отандық сарапшылар, Қазақстанда тіркелген шетелдік журналистер қатысып жатыр.

Форумның мақсаты – қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамыту, отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талқылау, Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік қазақстандық моделін насихаттап, тарату.


BNews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!