Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады

Фотография - Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады

Бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады

146 0

13 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын жауып, тұман түсуі, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі, республиканың солтүстігінде ғана ауа райы ашық болады, деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитеті "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз жел тұрып, жаяу борасын болады. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің күші15-20 м/с-қа, екпіні 25 м/с-қа жетеді. 

Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде  желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады. 

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!