Астанада жаңа көліктік-логистикалық орталық ашылды

Фотография - Астанада жаңа көліктік-логистикалық орталық ашылды

Аумағында 29 300 шаршы метр болатын құрғақ қойма, 13 300 шаршы метр - климаттық қойма, 25 000 шаршы метр - дистрибютерлік орталықтар бар.

245 0

Астанада мультимодальдық қызметтің толық циклын ұсына алатын жаңа көліктік-логистикалық орталық іске қосылды.

Орталық Қарағанды-Астана магистралінің бойында, айналма тас жолы мен Қырқыншы стансасының арасында орналасқан. Оның аумағында 29 300 шаршы метр болатын құрғақ қойма, 13 300 шаршы метр - климаттық қойма, 25 000 шаршы метр - дистрибютерлік орталық, 70 000 шаршы метр контейнерлер алаңы бар. Онда температуралық режим толығымен сақталған.

"Бүгін біз Қазақстан логистикасының дамуында үлкен оқиғаға - ірі көліктік-логистикалық кешеннің ашылуына куә болудамыз.  Оның негізгі мақсаты мен міндеті Мемлекет басшысының Орталық Азиядағы ірі көліктік хабты құру бойынша бастамаларына сәйкес келеді", - деп атап өтті "ҚТЖ" ҰК" АҚ вице-президенті Қанат Алпысбаев.  

Оның сөзіне қарағанда, Орталық Азия бойынша "А" санатты көліктік-логистикалық орталықтың ашылуы Қазақстанның осы саладағы дамуына оң серпін бермек.

"Біздің ойымызша, аталмыш орталық Ақмола облысының ғана емес, Ресей Федерациясының да жүктеріне қызмет көрсететін болады", - деді Қ.Алпысбаев.

Ішкі және сыртқы терминалдық желілерді дамыту мақсатында осындай орталықтар Қазақстанның өзге де аймақтарында салынады. Облыстарда жүктерді сақтау, жинақтау, іріктеу үшін арналған хабтар құрылмақ. Олар өз кезегінде Астанамен байланыс орнатады. Осының арқасында аймақтарда халықаралық санаттағы қоймаларға деген қажеттіліктің орны толтырылады деп күтілуде.

"Біз осындай орталықтарды барлық облыстарда ашуды жоспарлаудамыз. Бұл бағдарлама 2017 жылға дейін қарастырылған. Орталық мәліметтері өзара байланыста болады", - деп атап өтті ол.

Орталық 1 миллион тоннадан астам жүкті өңдей алады. Астанада іске қосылған ірі кешенде 850 жаңа жұмыс орны ашылып отыр. 

1 

2 

3 

4 

6



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!