Елбасы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңына қол қойды

Фотография - Елбасы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңына қол қойды

Барлық заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.

303 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңдарға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
 Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған, мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қатынастарды реттейтін, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттіктері мен қызметін ұйымдастыруды айқындайтын "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Елбасы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға және заңнаманы "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келтіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына да қол қойды.
Сондай-ақ, бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған, кәсіби және кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеуінің құқықтық негіздерін айқындайтын, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдарды құру тәртібі мен қызмет істеуінің шарттарын және олардың мәртебесін регламенттейтін "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының заңы да белгіленген тәртіпке сәйкес күшіне енетін болады.
Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға және заңнаманы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келтіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына да қол қойылғаны жарияланды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға және мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойғаны туралы белгілі болды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!