Н.Назарбаев террорлық әрекеттерге байланысты Франция Президентіне көңіл айтты

Фотография - Н.Назарбаев  террорлық әрекеттерге байланысты Франция Президентіне көңіл айтты

Қайғылы жағдай кеше түнде ел астанасы Парижде орын алды

1281 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Париж қаласында болған террорлық әрекеттерге байланысты Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Жеделхатта Париж қаласында жасалған жантүршігерлік әрекеттер салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды Мемлекет басшысы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

"Қазіргі таңда терроризмнің етек алуы барлық мемлекеттер үшін ортақ қауіп-қатерге айналып отыр. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін лаңкестік пен экстремизмнің кез келген түрін айыптайды", - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев қасірет құрбандарының туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Франция халқына жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!