"Эйр Астана" Париж бағытындағы рейстерін жалғастыра береді

Фотография - "Эйр Астана" Париж бағытындағы рейстерін жалғастыра береді

Кеше түнде Франция астанасы Парижде бірнеше теракт орыналған

458 0

"Эйр Астана" Париж бағытындағы рейстерін жалғастыра береді. Бұл туралы ҚазАқпарат  "Эйр Астана" компаниясының билеттерді брондау және ақпарат орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

"Эйр Астана" өзінің Париж бағытындағы рейстерін ары қарай да жалғастыра береді. Билеттер сатылып жатыр. Бізге билет сатуды тоқтату туралы ешқандай да тапсырма берілген жоқ. Жалпы, біздің ұшақтарымыз Парижге сәрсенбі, жұма және сенбі күндері қатынайды", - деді "Эйр Астана" компаниясының билеттерді брондау және ақпарат орталығынан.

Еске сала кетейік, жұма күні кешке Францияның астанасы Парижде лаңкестік әрекеттер орын алды. Жергілікті прокуратураның хабарлауынша, террорлық акт бір уақытта алты жерде орын алған. Оқиға салдарынан 153 адам қаза тауып, 200-ден аса адам жарақаттанған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!