Терроризмнің ұлты мен діні жоқ - Назарбаев

Фотография - Терроризмнің ұлты мен діні жоқ - Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев Францияның Қазақстандағы елшілігінде болды

398 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы Франция елшілігінде болды және көңіл айту кітабына жазба қалдырып кетті, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы атынан көңіл айтуға барғанын атап өтті, еліміз бен Франция арасындағы жоғары байланысты әсіресе ескере отырып.

"Бұл қаралы күндері біз Франциямен біргеміз. Бұл мемлекет әлемдік мәдениет пен тарих ошақтарының бірі. Сондықтан бұл оқиға өзгелерге де ауыр тиуде. Тероризм ұлт пен дінге бөлінбейді. Бұл ортақ қасірет. БҰҰ сессиясында мен "Ислам терроризмге қарсы" форумын шақыру туралы және бұл сұмдықпен күресетін әлемдік желі құруға ұсыныс жасағанмын", - дейді Назарбаев.

Фрнацияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Франсис Этьен мырза жиналғандарға қарата терроризмнің ұлты мен діні болмайтынын атап өтті және онымен күресуде шыдамды әрі шешімді болуға шақырды.

Болған оқиғаға жауапкершілікті Ислам мемлекеті ұйымы мойнына алды.

Парижде үшінші жыл тұрып жатқан қазақстандық Әйгерім Матаева қаланың "қанды жұмадан" кейінгі тынысы туралы айтып берді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!