Қ.Тоқаев Франция Елшілігіндегі көңіл айту кітабына жазба қалдырды

Фотография - Қ.Тоқаев Франция Елшілігіндегі көңіл айту кітабына жазба қалдырды

Бұдан бұрын Қ.Тоқаев Француз Республикасы Сенатының төрағасы Жерар Ларшеге көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын

232 0

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Франция Елшілігінде болып, Парламенттің жоғарғы палатасының депутаттары атынан көптеген адамдардың өмірін қиып кеткен Париждегі лаңкестік шабуылдарға байланысты қатты қайғырып, көңіл айтты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Қ.Тоқаев Француз Республикасы Сенатының төрағасы Жерар Ларшеге көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Еске сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Парижде 14 қарашадағы түнде болған лаңкестік актілер сериясы құрбандарының саны 132 адамға жетті. 

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай,ел президенті  Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы Франция елшілігінде болып көңіл айту кітабына жазба қалдырған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!