Алдағы тәуліктерде ел аумағында аязды күндер сақталады

Фотография - Алдағы тәуліктерде ел аумағында аязды күндер сақталады

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады

266 0

17-19 қараша күндері еліміздің басым бөлігінде аязды ауа райы сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қазақстанның солтүстік бөлігіне, нағыз қысқы ауа райы орнады. Бұл аумақта Сібір антициклоны әсерінен түнде 20 градус аяз орын алып, ал атмосфералық фронттар қар мен боран тудыруда.

Каспий теңізінің оңтүстігінде кезекті циклон құралуда. Ол республикамыздың оңтүстік аудандарына қарай ығысатын болады. Сондықтан бұл аймақтарда жауын-шашын болып, қар аралас жаңбыр жауады, желдің күші 15-25 м/с жетеді. Ауа температурасы түннің өзінде 0º, кей жерлерде 5º суық мөлшерінде болады.

 


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!