Техникалық реттеу және метрология комитетi 403 заң бұзушылықты анықтады

Фотография - Техникалық реттеу және метрология комитетi 403 заң бұзушылықты анықтады

Жыл басынан берi Комитет техникалық реттеу және метрология талаптарының ұсталуына байланысты барлығы 768 тексеру жүргiздi.

515 0

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетi тексеру барысында жыл басынан берi 403 заң бұзушылықты анықтады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң төрағасы Бiржан Қанешев комитетте өткен кездесуде мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.

"Қазақстан Республикасында 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттiк бақылау жүйесiне бiрқатар өзгерiс енгiзiлдi. Бұл өзгерiстер Қазақстанда кәсiпкерлiк қызмет үшiн жағдайды жақсарту мәселелерi бойынша кейбiр заңнамалық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулардың енгiзiлуiне байланысты. Мәселен, жыл басынан берi жекеменшiк кәсiпкерлiк субъектiлерiне жоспарлы тексерулер жүргiзiлмейтiндiктен, тексерулер коммерциялық емес ұйымдар, мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындарда жүргiзiлдi. Жыл басынан берi Комитет техникалық реттеу және метрология талаптарының ұсталуына байланысты барлығы 768 тексеру жүргiздi. Олардың нәтижесi бойынша, 403 жағдайда заң бұзушылық анықталды. Мысалы, 113,9 млн теңгеден астам сомаға талаптарға сай келмейтiн тауарлар тасымалының жолы кесiлдi, қолдануға жарамайтын 11 507 өлшеу құралын пайдалануға тыйым салынды, сондай-ақ 36 млн теңгеден астам сомаға әкiмшiлiк айыппұл салу туралы қаулылар шығарылды", - дейдi Б.Қанешев.

Оның айтуынша, 2015 жылдың бiрiншi жартысында жүргiзiлген жоспарлы тексерудiң 50 пайызында заң бұзушылықтар анықталды. Негiзiнен денсаулық сақтау және бiлiм беру нысандарында тексерулер жүргiзiлдi. Сондай-ақ акредиттеу субъектiлерiнiң 1500-ден астам сертификатты заңсыз бергенi анықталды. Қазір кiнәлi адамдарға қатысты шаралар қабылданып жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!