Еліміздегі 2 мың медициналық зертхананың 4-еуі ғана аккредиттелген

Фотография - Еліміздегі 2 мың медициналық зертхананың 4-еуі ғана аккредиттелген

Комитет төрағасы Бiржан Қанешев зертханалардың қызметі мен қызметтерді ұсыну жөнінде халықаралық стандарттар бар екенін айтты.

373 0

Еліміздегі 2 мың медициналық зертхананың 4-еуі ғана аккредиттелген. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң төрағасы Бiржан Қанешев комитетте өткен кездесуде мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.

Кездесу барысында медициналық, яғни клиникалық зертханаларды аккредиттеу, Қазақстанда медициналық және әлеуметтiк көмектi дамыту мәселелерi, денсаулық сақтау қауiпсiздiгiне сенiмдi арттырудағы аккредиттеудің рөлi, аталмыш салада аккредиттеу жүйесiн дамытудың болашақ жоспарлары талқыланды.

Комитет төрағасы Бiржан Қанешев зертханалардың қызметі мен қызметтерді ұсыну жөнінде халықаралық стандарттар бар екенін айтты.

"Бұл стандарт зертханаға, ең алдымен, пайдаланылатын құрал-жабдықтарға талап қояды. Мысалы, қан талдауын жасайтын құрал-жабдық типі, түрі, деңгейі мен дәлдігі маңызды. Бұл жабдықты аккредиттеудің тәртібі бар. Зертхана қызметкерлеріне қатысты талаптар да стандарттарда белгіленген. Осы стандарттарды ұстанбау фактілері кездесіп жатады. Қазір біз ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірігіп бұны ретке келтірмекпіз. Қазақстанда тіркелген барлық 2000 зертханадан тек 4 зертхана аккредиттелген. Олар мүлдем аккредиттелмеген деп айта алмаймын, кейбір зертханалар халықаралық аккредиттеуден өз еркімен өткен. Бізде аккредиттеудің міндетті және өз еркімен жасалатын түрлері бар. Мысалы, Астанадағы "Олимп" зертханасы өз еркімен халықаралық акредиттеуден өткен. Зертхана нарықтағы бәсекелестік деңгейі мен жауапкершілікті түсінеді. Оған сенуге болады", - деді Б.Қанешев.

Оның айтуынша, еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтін және жекеменшік зертханалар бар.

"Қазір біз нормативтік құжаттар арқылы оларды аккредиттеумен айналыспақпыз. Аккредиттелмеген зертханаларға сенуге болмайды. Барлық зертханалар аккредиттелуі тиіс. Біз сәйкес хаттама қабылдадық, енді оларға әдістемелік көмек көрсетеміз. Ұлттық аккредиттеу орталығы біздің жүйеде орналасқан. Бұл жұмысты біз келер жылдың басында бастамақпыз", - деді ол.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!