Н. Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Фотография - Н. Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

"100 нақты қадам"-Ұлт жоспарын, сондай-ақ индустриялық және инфрақұрылымдық бағдарламаларды жүзеге асыру жағдайы талқыланады деп жоспарлаған

216 0

Бүгін, 18 қарашада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді.

Іс-шара барысында 2015 жылдың әлеуметтік-экономикалық аралық қорытындылары шығарылып, әлемдік экономикадағы дағдарыстық үрдістер ескеріле отырып алдағы кезеңге арналған негізгі жоспарлар қаралатын болады.

"100 нақты қадам" - Ұлт жоспарын, сондай-ақ индустриялық және инфрақұрылымдық бағдарламаларды жүзеге асыру жағдайы талқыланады деп жоспарланған. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жаңа жағдайға байланысты қолдау көрсету шараларына ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен бірге, отырыстың күн тәртібіне инвестициялық тартымдылықты арттыру және жекешелендіру жұмыстарын одан әрі жүргізу мәселелері шығарылатын болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!