Қазақстан халқының саны 17 млн. 608 мың адамнан асты

Фотография - Қазақстан халқының саны 17 млн. 608 мың адамнан асты

2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте халық саны жалпы ел бойынша 190,5 мың адамға немесе 1,1 пайызға өскен

375 0

2015 жылдың 1 қазанындағы мәліметтер бойынша еліміздегі халық саны 17 млн. 608,2 мың адамды құрады. Соның ішінде қалалықтар - 10 млн 18,4 мың (56,9%), ауылдықтар - 7 589,8 мың адамды (43,1%) құрап отыр.  Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Комитет таратқан мәліметтерге қарағанда, 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте халық саны жалпы ел бойынша 190,5 мың адамға немесе 1,1 пайызға, ал 2014 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда халық саны 254,5 мың адамға немесе 1,47 пайызға өсті.

"АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде туылғандар саны 301,8 (301,3)  мың адамды құрап, бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 0,2 пайызға артқан.  Туу кезектілігі бойынша бірінші, екінші және үшінші туғандардың үлес салмағы сәйкесінше 35 пайыз (былтыр 38 пайыз), 28 пайыз (27 пайыз) және 18 пайызды (16 пайыз) құрады. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,00 (23,30) туылғандардан келеді", - делінген баспасөз баянында.

Сонымен қатар, есепті кезеңде қайтыс болғандар саны 101,0 (99,3) мың адамды құраған, бұл 2014 жылдың қаңтар-қыркүйегіне қарағанда 1,7% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,69 (7,68) қайтыс болғандарды құрап отыр.

"2015 жылдың қаңтар-қыркүйегінде республика халқының табиғи өсімі былтырғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 1,2 мың адамға немесе 0,6 пайызға азайып, 200,9 (202,0) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 15,31 (15,62) адам болып отыр. Есепті кезеңде республикада 1 жасқа дейінгі қайтыс болған нәресте саны 2 864 (2 999) адамды құрап, былтырмен салыстырғанда 4,5% азайды. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар", - делінген баспасөз баянында.

Бұдан бөлек, Көші-қон полициясы органдары ұсынған Қазақстанға келу/кетуді статистикалық есепке алу талондарындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2015 жылғы қаңтар-қыркүйегінде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 12 161 адамды құраған. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 5,6 пайызға көбейіп, 22 480 адамды құраған, ал көші-қонның айырымы -10 319 адам болды.

"Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 86,2 пайыз және 90,2 пайызды құрады. Былтырғы кезеңімен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 17,1% көбейіп, 348 732 адамды құрады. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 44,5 пайызы тиесілі. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Алматы (31 525 адам) қаласында және Ақмола (2 693 адам), Қостанай (851 адам), Маңғыстау (687 адам), Атырау (316 адам), Павлодар (44 адам) облыстарында қалыптасты", - делінген баспасөз баянында.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!