Әлемде ақша көп, оларды тарта білу керек – Назарбаев инвестиция жайлы

Фотография - Әлемде ақша көп, оларды тарта білу керек – Назарбаев инвестиция жайлы

Қазақстан президенті инвесторларға қолайлы жағдай жасау керектігін ұсынды.

435 0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өтіп жатқан  ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында елімізге инвистиция тарту жөнінде айта кетті, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

"Мен әлемнің көптеген кәсіпкерлерімен жеке кездесулерде болдым.  Олар қызығушылық танытып, нақты салаларды айтып жұмыс істейтін бағыттарын айтты. Мұндай мүмкіндіктерімен көп ел мақтана алмайды. Әлемде ақша көп, соларды қызықтыра біліп, тарту керек. Үкіметтің бар шеберлігі, біздің кадрлардың біліктілігі мен құзыреттілігі дәл осымен түйіндесуі тиіс", - деді ел президенті  Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешевке бағыттай сөйлеп. 

"Олардың әрқайсысымен жеке-жеке жұмыс істеу қажет. Сондықтан да маған біздерде бұл инвестицияларды үйлестіретін бір адам бар ма екен деген ой келеді? Келген инвестор кабинеттен кабинетке жүгірмей, Үкіметтегі нақты бір адамға жолығып, ал ол адам оған қажетті барлық есіктерді ашып беруі қажет. Сондықтан да Сыртқы істер министріне (Ерлан Ыдырысовқа) мүмкін біздерге арнайы немесе сыртқы экономикалық байланыс жөніндегі бөлімше құру қажет шығар дегім келеді. Бірақ онда сенімен (Әсет Исекешевке қарата - ред.) мүдделер қақтығысы орын алады. Сондықтан да бұл келісім шарттар құрдымға кетпес үшін, әрқайсысымен жұмыс жасап, қоңырау шалып, хабарласып, шақыру керек. Келіскенімізді жасайық. Осы орынға (шетелдік инвесторлармен жұмыс жасау үшін) бір адам арнайы отыру керек. Оған арнайы статус берейік", - деді  Нұрсұлтан Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қараша Президен Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысын өткізуде. Отырыс барысында 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық қорытындылар талқылануда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!