Шөкеев "Самрұқ-Қазынадағы" тыңдамаушылық бойынша Назарбаевқа шағым айтты

Фотография - Шөкеев "Самрұқ-Қазынадағы" тыңдамаушылық бойынша Назарбаевқа шағым айтты

Қор басшысы Елбасынан өкілеттілігін кеңейтуді сұрады

1295 0

"Самрұқ-Қазына" әл ауқат қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өкілеттілігн кеңейту туралы өтінішін айтты, деп жазады Today.kz.

"Бізде шетелде төрағалықтар көбейіп кетті. Әлем бойынша 36 өкілдік. Олар бір-бірінің аяғын шалуда. Мен бәрін қысқартып, "Самрұқ-Қазынаның" үш өкілдігін – Лондонда, Бейжің мен Мәскеуде ғана жасауды ұсынамын. Атқарылып жатқан қызметті осымен де бітіруге болады. Ол үшін компаниямызда тәртіп керек, айтқанымыздың бәрі дереу әрі тікелей орындалуы үшін", - деді Шөкеев ҚР үкіметінің Ақордадағы кеңейтілген отырысында.

"Бұл тәртіпті кім орнатады", - деп сұрады Назарбаев.

"Өзгерту бойынша, менде бүкіл холдинг бойынша тікелей бұйрық беру құқығым болуын сұраймын", - деп жауап берді Өмірзақ Шөкеев.

Елбасының "Сені тыңдамайды ма?" деген сұрағына Шөкеев өкілдіктер бойынша шешімді былтыр шығарғандығын, алайда, олардың әлі жабылмай жатқандығын айтты.

"Сен жассың, оқығансың, күшің тасып тұр. Саған қызмет пен құзрет берілді, ал сен тыңдамайды деп шағымданасың. Ыңғайсыздау. Сені кім тыңдамайды, айт", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Онда мүдделер көп, маған сіздің бір ауыз сөзіңіз ғана керек", - деп жауап берді Өмірзақ Шөкеев.

Естеріңізге салсақ, 18 қарашада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізуде. Отырыс барысында әлеуметтік-экономикалық дамудың аралық, атап айтқанда 2015 жылғы қорытындылары қарастырылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!