Назарбаев: халық пен үкімет жайлы кезеңде шалқып өмір сүруге үйреніп қалған

Фотография - Назарбаев: халық пен үкімет жайлы кезеңде шалқып өмір сүруге үйреніп қалған

Қазақстанда мемлекеттің шығындар 1,5 триллионға қысқарды

570 0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы үкіметтің кеңейтілген отырысында қазақстандықтарды жаңа шындық жағдайында өмір сүруге бейімделуге шақырды – энергиятасымалдаушылар мен экспорттық тауарларға деген қазіргі бағалар кезеңінде, деп жазады Today.kz.

"Қізір "жаңа қалыптылық" деп айту сәнге айналды. Қандай қалып? Бұл қалыпты емес. Өмір сүруге бейімделу керек, міне оның мағынасы. Мұндай шындық бар: энергиятасмыалдаушылар мен эксорттық тауарларға деген бағалар.  Осы шындыққа бейімделу қажет. Адамдар кең заманда шалқып өмір сүруге үйреніп қалған, үкімет те. Бүгінде біз мемлекеттік шығынды қаншаға қысқарттық? 1,5 триллион теңгеге. Біз қанша шығын шығардық қараңыздар және онымен ештеме өзгермеді. Тағы қысқартуға болады, керек болса, әрине", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Аграрлық сектор бойынша аз айтылды – бұл экономикамыздың үлкен бөлігі. Аграрилер биылғы қиын түскен жылы 20 миллион тонна жинады. Біз оларға ризашылығымызды білдіреміз және осы үлкен жеңісімен құттықтаймыз. Аграрлық секторға үлкен көңіл бөлуді жалғастыру керек.

Құрылыста баспана өткізу бойынша өткен жылмен салыстырғанда 123 пайызды құрады. Бұл экономикаға  "Нұрлы жол" мен өзге бағдарламалар арқылы өкіметтің араласуы. Үкімет парламентпен бірігіп, үлкен заң жасау жұмысы атқарды. Парламент депутаттарына соңғы жарты жылдағы үлкен еңбегі үшін алғыс айтуымыз керек", - деді Назарбаев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!