"Қазақстан темір жолы" еншілес компанияларды үш есеге қысқартады

Фотография - "Қазақстан темір жолы" еншілес компанияларды үш есеге қысқартады

Сонымен қатар, Өмірзақ Шөкеев "Локомотив" АҚ мен "Қазтеміртрансты" біріктіруді ұсынды

442 0

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ еншілес компанияларды үш есеге қысқартады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев айтып берді.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы үшін еншілес компанияларды үш есеге қысқартатын  бағдарлама әзірленді, яғни бүгінгі 102-ден 30-ға дейін", - деді Ө. Шөкеев.

Сонымен қатар, ол "Локомотив" АҚ мен "Қазтеміртрансты" біріктіруді ұсынды. Яғни барша жүк көлігін локомотивтермен біріктіріп, 75 пайызын сату қарастырылған. Бұл тұрғыда тосқауылдаушы пакетті қалдыру ескерілмек.

"Жолаушылар тасымалында да ҚТЖ тек тосқауылдаушы пакеті қалдырады.  100 пайыздық деңгейде ҚТЖ тек магистралды инфрақұрылымда және жаңа логистикалық активтерде қалады", - деп тоқталды Ө. Шөкеев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!