Кәсіпорындарды мемлекет тарапынан жасанды қолдау енді ауырға соғады

Фотография - Кәсіпорындарды мемлекет тарапынан жасанды қолдау енді ауырға соғады

Жасанды түрде кәсіпорындарды мемлекет тарапынан қолдау енді ауырға соғады.

224 0

Жасанды түрде кәсіпорындарды мемлекет тарапынан қолдау енді ауырға соғады. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

"Мемлекет басшысы бізге жекешелендіруге қатысты мәселелерді күшейтіп, жеделдетуді тапсырды. Кәсіпорындар жеке ортаға беріліп, мемлекет мойнына ауыртпалық түсіруден кетуі керек. Бұдан бөлек, кәсіпорындардың банкроттығы мәселесі де өзекті. Банкроттық деген бұл адамдарды жұмыссыз қалдыру дегенді білдірмеуі шарт, ол кәсіпорын мен қызметкерлердің жұмысын тоқтатпай, меншік иесін ауыстыруды, кредиторлардан қорғауды білдіреді. Бұл бұдан әрі реттеу, мемлекеттік меншіктің тиімділігін арттыру мәселелерін де қамтиды", - деп атап өтті К. Мәсімов.

"Мемлекет өзінің реттеуші қызметін күшейтіп, халықтың аз қамтылған топтарын қорғауды өз мойнына алады. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындар өз күнін өзі көріп, нарықтық жағдайға бейімделуі керек. Жасанды түрде кәсіпорындарды мемлекет тарапынан қолдау енді ауырлай түседі", - деді Үкімет басшысы.

Бұдан бөлек, Премьер жұмыспен қамту мәселесіне де тоқталып, бұған дейінгі бағдарлама жетілдіріле түсетінін атап өтті.

"Біз бұған дейін 2014-2015 жылдары қабылдаған шешімдердің барлығы 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламаға шоғырландырылады. Бүгін мақұлданатын бюджет алдымызға жүктелген міндеттерді тиімді шешуге септігін тигізеді деп ойлаймын", - деді К. Мәсімов. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!