Елбасы: Банкроттық дегеніміз кәсіпорынды жауып, адамдарды жұмыссыз қалдыру емес

Фотография - Елбасы: Банкроттық дегеніміз кәсіпорынды жауып, адамдарды жұмыссыз қалдыру емес

Дүние жүзінде күн сайын миллион компания банкротқа ұшырап, миллион компания қайтадан құрылып жатады.

813 0

Банкроттық дегеніміз кәсіпорынды жауып, адамдарды жұмыссыз қалдыру емес. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

"Банкроттық жайында айтқан кезде барлығы ойбай салып, қорқады. Дүние жүзінде күн сайын миллион компания банкротқа ұшырап, миллион компания қайтадан құрылып жатады. Ешкім оны сезбейді де. Біздегі банкроттық деген мекемені жабу керек, елдің бәрін тарату жіберу керек. Ешкімде банкроттықты бұлай жасамайды", - деді ҚР Президенті.

Елбасының  айтуынша, кәсіпорын банкортқа ұшырап, төлем қабілетсіз болса, одан ары дами алмаса, онда мемлекет оны өзі қамқорлығына алады. Кәсіпорын ары қарай жұмысын жалғастырып, адамдар жұмыстан босатылмайды.

"Басқа менеджер шақырылып, ол келіп, басқара бастайды. Міне, осындай заң қазір қабылданды. Осылай жұмыс істеу керек. Яғни, меншік иесін кредитордан қорғайтын механизм бар. Мен аталған заңға қол қойдым. Аталған құжатта төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа жүйесі қарастырылған. Борышкер мен кредитор кәсіпорынды қаржылай сауықтыру мақсатында  қарыздарды қайта құрылымдау мәселесін бірлесіп шешеді. Бұл күйреу дегенді білдірмейді", - деді Мемлекет басшысы.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!