"Жоғарғы Сот Кеңесі туралы" заң Мәжіліске кері қайтарылды

Фотография - "Жоғарғы Сот Кеңесі туралы" заң Мәжіліске кері қайтарылды

Мәжіліс мақұлдаған "ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі туралы" ҚР Заңының жобасы жөнінде Жоғарғы Сот судьясы Ақылтай Қасымов баяндама жасады

299 0

Бүгін Парлмент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілік етуімен Сенат отырысы өтіп, онда палата бросының ұсынуымен екі салалық заң жобасына қатысты төрт мәселе қаралды. 

Ең алдымен Мәжіліс мақұлдаған "ҚР Жоғарғы Сот Кеңесі туралы" ҚР Заңының жобасы жөнінде Жоғарғы Сот судьясы Ақылтай Қасымов баяндама жасады.

- Заң жобасы мемлекеттік бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын орындауға мақсатында әзірленген. Сондай-ақ, құжат Елбасының соттарды қалыптастыру, судьялардың тәуелсіздігі мен ешкімнің тиіспеу кепілдіктері жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын автономды мемлекеттік мекеме болып табылатыныдығы айқындалды, - деді Ақылтай Ахметжанұлы.

Ал осы заң жобасына қатысты қосымша баяндама жасаған Сенаттағы Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай құжатты Мәжіліске жіберу жөнінде ұсыныс білдірді.

- Заң жобасын талқылау барысында Комитеттің ескертпелері мен ұсыныстары ескеріле отырып, Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына судьялыққа кандидаттардың жұмыс өтіліне қойылатын талаптарды түзетуді көздейтін өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады. Сондықтан да өзге де ұсыныс пікірлерді ескере келе, заң жобасын толықтыру үшін Конституцияның 61-бабы, 5-тармағына сәйкес оларды Парламент Мәжілісіне жіберуді ұсынамын, - деді Серік Байсейітұлы.

Сенат төрағасының дауысқа салу нәтижесінде құжат қайта қаралып, толықтырылуы үшін 43 сенатордың қолдауымен Мәжіліске кері қайтарылды.


BAQ.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!