Теологтар тек Мүфтияттың рұқсатымен ғана шетелде білім алатын болады

Фотография - Теологтар тек Мүфтияттың рұқсатымен ғана шетелде білім алатын болады

Тек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рұқсатын алған азаматтар ғана шетелдерде діни білім ала алады

245 0

Тек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рұқсатын алған азаматтар ғана шетелдерде діни білім ала алады. Бұл туралы бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында өткен шетелдік діни оқу орындарында оқып жатқан қазақстандық студенттердің діни білімін, діни көзқарасын қадағалау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел кезінде айтылды.  

"Бүгінгі таңда әлем бойынша Ирак, Сирия, Түркия, Иорданияның әрбір жерлерінде "ИШИМ" тарапынан орын алған жантүршігерлік әрекеттер бізді толғандырып отыр. Өйткені аталған террорлық ұйымның құрамында қазақстандықтардың да бар екені анықталған. Тіпті олардың кейбірі шетелдерде діни білім алғандар болып шықты. Сол себепті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы шетелдегі теологиялық оқу орындарында оқитын жастарымыздың радикалды топтардың құрамына еніп кетуіне жол бермеу және олардың Әбу Ханифа мазхабы бойынша білім алуын қадағалау мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқарманың өзге де қатысты мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс жасауы керектігін айтқан болатын. Сол тапсырма бойынша бүгін жиналып отырған Бас прокуратура, Білім және ғылым министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Дін істері комитеті, "Нұр Мүбәрак" университетінің өкілдерімен келіссөздер өткізіп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасаймыз",-деп басқосудың мақсаттарына тоқталған найб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы шетелде діни білім алғысы келетіндердің тек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рұқсатымен, келісім-шарттар жасалған елдерге ғана бара алатындығын айтты.

"Теологиялық мамандық бойынша шетелде оқып жатқан қазақстандықтарды бақылау мақсатында ҚМДБ және дін істері комитетінің мамандарынан құралған делегация үстіміздегі жылдың сәуір, мамыр айларында бір неше елде болып, онда білім алып жатқан теолог мамандарымен кездесулер ұйымдастырды. Атап айтқанда, Түркия, Мысыр, Сауд Арабиясында діни оқуда жүрген жастарымыздың қандай бағытта білім алып жатқанын, елге келгеннен кейінгі мақсаттарының қандай екенін біліп қайттық. Сапар барысында өзекті проблемалардың бар екендігі айқындалған болатын. Нәтижесінде, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Мысыр мүфтияты арасында ресми келісім жасалып, қазақстандық студенттерд ҚМДБ-ның жолдамасымен барған жағдайда ғана ондағы оқу орындарына қабылданатын болды. Сондай-ақ, осындай келісімдер Ресей және Түркиямен де жасалды. Алдағы уақытта Суд Арабиясымен де келісімге келмекпіз. Осыған дейін шетелде діни білім алып жүрген студенттер бақылауда болмады. Олардың ішінде өз мүмкіндіктерімен кетіп, дәстүрлі емес діни оқу орындарына түскендері болған. Сондықтан бүгін Мүфтияттың рұқсатнамасын алып барған адамдарды ғана діни оқу орындарына қабылдау туралы мемлекеттік органдармен келісімдер жасалатын болады",-деді найб мүфти.


BAQ.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!